Режиссер Асхат Маемиров те актердің бұл жаңалығын растады.
Актер Аян Өтепберген жақында отау құрады. Қуанышты жаңалығын актердің өзі айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
Өнер иесі қуанышты жаңалығын "Музыкалық жас көрермендер" театрындағы "Қоштасқым келмейді" қойылымының премьерасынан соң халыққа өзі айтқан. Режиссер Асхат Маемиров те актердің бұл жаңалығын растады.
Аянымыз 14-і күні Ақтөбенің үлкен әулетіне барып, ару қызымызды алақанына қондырады, - деді ол.
Қуанышты жаңалыққа желі оқырмандары тілек жазып, лебіздерін білдірді.
"-1 краш", "отписка жасаңдар", "бақытты болсын", "шансы бар адам құсап, ішім ашып жатыр", "жүрегім ауырып кетті ғой", "бұйырмаған махаббатым", "сенсіз қалай жүреміз" деп жазды олар.