Видеоны Бейісқали Данияр есімді азамат Instagram парақшасында жариялады.
"Алдараспан" әзіл-сықақ театры Талдықорған қаласындағы жеке кешін уақытынан 1,5 сағатқа кешіктіріп бастаған. Осыған орай, жергілікті тұрғын "Алдараспанның" басшысы Нұржан Төлендиевке ескерту жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Видеоны Бейісқали Данияр есімді азамат Instagram парақшасында жариялады.
Талдықорғанға концерт беруге келген "Алдараспан" театры халықты 1,5 сағат күттірген. Ағамыз айтып тастады. Дұрыс жасады ма? Әлде бұрыс па?, - деп жазды ол.
Видеодан сахнада тұрған Нұржан Төлендиевке ер адамның ұрысып жатқанын байқауға болады.
Талдықорғанның азаматтарын сыйлаңыздар. 1 сағат 20 минутқа кешікті. Халыққа олай жасамаңыздар. Халық сыйлағаннан кейін өнер өсіп жатыр. Концертке келдік. Билетті бір ай бұрын сатты ма, бір сағат бұрын осы жерде болыңыздар. Ер-азаматсыздар ма? Сөздеріңізде тұрыңыздар, - дейді ер адам.
Ал актер Нұржан Төлендиев концертке келген азаматтың сөзіне келісіп, тек бас шұлғығанын байқауға болады.