$ 443.37  474.49  4.83

Жұлдызай Дүйсенбиева күйеуіне екінші әйел алуға рұқсат беретінін айтты

Актрисаның айтуынша, қызы өзіне бауыр сұрайды.

Фото: скрин "1001 түн" бағдарламасы
Фото: скрин "1001 түн" бағдарламасы

Актриса Жұлдызай Дүйсенбиева "Ұйқым келмейді" бағдарламасына қонақ болып, күйеуіне ұрпақ жалғастыру үшін екінші әйел алуға рұқсат беретінін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Актрисаның айтуынша, қызы өзіне бауыр сұрайды.

"Сұрайды. Ол сұрағанымен, оның бәрі бір Алладан. Бұйырып жатса, болар. Болмаса, "Қарастырыңыз, өкпе жоқ" деп екінші жолын папасына айтқанбыз. Мен қалай бар, солай өмір сүремін. "Екінші отбасылы болайын. Менен ұрпақ қалсын" деген көңіліңде қаяу болса, ашылып айта беріңіз дегенмін. Алуға мен емес, Алладан рұқсат. Ер азаматтарға Алла рұқсат беріп қойған. Мен Алладан ұлық емеспін, рұқсатымды бергенмін, дейді актриса. 

"Ұрпақсыз қалып бара жатырмын" десе, мен өкпелемеймін. Өкпелеуге қақым жоқ. Адамды байлап, жаныма ұстауға қақым жоқ. Ақты ақ, қараны қара деймін. Денсаулығым жарамаса, осындай тағдыр болса, осыған көнуім керек. Кім біледі, Алла шебер ғой. Бермесе, өкпем жоқ. Алла қызыма ғұмыр берсін. Жолдасыма да өкпем жоқ. Екінші отбасын құрамын десе, мархабат. Ол кісі "қойшы, бір әйел жетеді" деп уайымдап жүр", - деді Жұлдызай Дүйсенбиева. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары