08.01.2024, 16:20

«Еркектің серіктестікке кіргенін құптамаймын»: Алтынай Жорабаева қалай босанғанын айтып берді

Фото: altynaizhorabayeva инстаграм парақшасынан

Әлішерім онсыз да қатты уайымдап, қобалжып, есіктің сыртында дұға жасаумен болды.

Жақында бесінші мәрте ана атанып, кестетігерді дүниеге әкелген әнші Алтынай Жорабаева босану процесінің қалай өткенін айтып берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Әнші қызына қандай есім қойғанын да жариялады. 

Амина Әлішерқызы! Қош келдің, ботам! Бес қызым – бес бармағым! Барлық мақтаулар мен мадақтар, тек бір Аллаға ғана тән. Қымбатты тілекшілерім! Сіздердің: “Аман-есен жаның қалсын” деген тілектеріңіздің маған қандай демеу болғанын білсеңіздер ғой. Босанып жатқан әйелдің бір аяғы жерде, бір аяғы көрде дегендей, өмір мен өліммен арпалысып, сәбиді дүниеге әкелу – үлкен жеңіс. Дәрігер-гинекологтарға алғысым шексіз. Серіктестікке әпкем кірді. Еркектің серіктестікке кіргенін құптамаймын. Әлішерім онсыз да қатты уайымдап, қобалжып, есіктің сыртында дұға жасаумен болды. Әпкем толғатып жатқанда да, босанғанша Құран оқып отырды. Уақытылы жауап бере алмай жатырмын. Кешеден бері енді ес жинап, қолым телефонға енді жетті. Бізге тілеген ниет-тілектеріңіз өздеріңізге еселеп қайтсын!, – деп жазды жас ана. 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Алтынай Жорабаева бесінші рет ана атанды