13.03.2024, 11:40

Павлодар әкімдігі Роза Рымбаева мен Қайрат Нұртасты шақыруға 10 млн теңге жұмсай ма?

Фото: rozarymbaeva және bayanmaxatkyzy парақшасынан алынды

Павлодарлықтар Наурыз мейрамын екі күн бойы атап өтеді.

Мерекелік концерт 22 наурызда Павлодардың Орталық алаңында өтеді. Жұлдыздарға төленетін гонорарға қала бюджетінен барлығы 10 млн теңге бөлінген. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Павлодар әкімі орынбасары Светлана Гладышева айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Негізгі сома, әрине, біздің жұлдыздарға кетті. Біз Роза Рымбаева мен Қайрат Нұртастың гонорары өте қымбат екенін түсінеміз. Олардың жалпы гонорары шамамен 10 млн теңгені құрайды, - деді  мерекелік бағдарламаның шығындары туралы сұраққа жауап берген Светлана Гладышева.

Lifepvl.kz дерегінше, павлодарлықтар Наурыз мейрамын екі күн бойы атап өтеді. Мәселен, 21 наурызда мерекелік іс-шаралар қаланың 14 шағын ауданында сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін өтеді. Ол аудандарда көрме ретінде киіз үйлер орнатылады.

Сондай-ақ, мерекелік бағдарламалар Павлодардың барлық қала маңындағы ауылдарында өтеді. Ал 22 наурыз күні қаланың орталық алаңында сағат 11.00-де мерекелік іс-шаралар басталады. Мұнда үлкен сахна мен алты тақырыптық киіз үй орнатылады.