Жазбаның астында пікір қалдырған оқырмандар екі түрлі топқа бөлінді.
Ислам шеңберіндегі психологиямен айналысып жүрген танымал әнші Индира Расылхан сахнаға оралды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бір кездері халықтың сүйіспешілігіне бөленген жезтаңдай әнші дінге бет бұрып, өнерден алшақтаған еді.Енді Индира Расылхан халал тойлар мен концерттерге шығатынын жариялады.
“Менің сахнаға қайта шыққанымды күтіп жүргендер қайдасыздар? Мен де сіздерді сағындым. “Биссмилләһ” деп бастадым. Шақыратын болсаңыздар, концерттерге және халал тойға ғана шығамын деп ескертіп қояйыншы. Мен сіздерді жақсы көремін жандарым сол! Сахнаға қайта орылғаныма қуанып жатқаныңыз үшін көптен көп рақметімді айтамын! Бірінші істейсің, сосын ойланасың. Ниетіме орай үзіңгілес достарым да тойға шақырып жатыр”, – деп жазды әнші өзінің Instagram парақшасында.
Жазбаның астында пікір қалдырған оқырмандар екі түрлі топқа бөлінді. Біріншілері жаңалықты қуана қарсы алып жатса, екіншілері әншінің бұл ісін сынап-мінеді.
“Ән айту – харам” деп едіңіз”, “Сіздің орныңыз – сахна”, “Психологиядан тапқан ақшасы азайған ғой”, “Алмас қылыш қынапта жатпас деген осы”, “Жанкүйерлеріңіз нәзік үніңізді сағынды”, «Сахнадан неге кетті,неге келді.бірденені жасарда жеті өлшеп бір кесу керекко», «Сахнаның сәнісіз ғой. Мен сіздің даусыңызды жақсы көремін», – деп жазды оқырмандары.