30.03.2024, 04:30

«Ойын ойнап, би билеген»: Ауызашар берген Айқын мен Жұлдыз сынға қалды (ВИДЕО)

Коллаж: sn.kz

"Басқа уақытта да билейсіздер ғой. Бір ай оразада адамдарға не болған?".

Әнші Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали қазақша стильде ауызашар берді. Алайда кейін ойын ұйымдастырған жұлдызды жұпты желіде оқырмандары сынға алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Осының бәрін ұйымдастырып, дайындаған Жұлдызға рақмет! Арасында ойындар ұйымдастырылды. Малдас құрып, көрпе төсеп, жер үстелде, дастарқанда отырғанға не жетсін?", – деп жазды Айқын Төлепберген Instagram-дағы парақшасында. 

Видеодан ауызашар өткеннен кейін қонақтары арасында ойын ойнатылып, олардың би билегенін көруге болады.

Желі қолданушылары ауызашардан соң би биленіп, ойын ойналғанын сынап, түрлі пікір қалдырды.

"Басқа уақытта да билейсіздер ғой. Бір ай оразада адамдарға не болған?", "Ауызашардан кейін құран бағышталады", "Тойлап, билейтін той емес. Бұларың болмады", – деп жазған оқырмандар.