10.05.2024, 18:20

Рүстем Жүгінісов: Төрт әйел алғым келеді, ИншАллах

Фото: instagram.com/zhugunussov

Еркектердің 95 пайызы көп әйел алғысы келеді.

Әнші Рүстем Жүгінісов бірнеше әйел алғысы келетінін жасырмады. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында оқырман сауалына жауап беру барысында айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Менімен еркектердің 95 пайызы келісуі мүмкін. Еркектердің 95 пайызы көп әйел алғысы келеді. Оның ішінде мен де бармын, 95 пайызға мен де кіремін. Оның қалған пайызы «Шүкір, бір әйел жетеді. Мен әлі дайын емеспін» деп жүргендер шығар. Бірақ әр еркек көп әйел алғысы келеді деп ойлаймын. Мен 4 әйел алғым келеді, ИншАллах», — деді әнші. 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: 

«Басқа жолды таңдадым»: Рүстем Жүгінісов те діни көзқарасына байланысты ән айтпайтынын жеткізді Рүстем Жүгінісов хиджаб киіп, селкілдеп билейтін бойжеткендерді сынады