Өнер иесі видео астына әсерлі өлең жолдарын жазды.
Отандық эстрада жұлдызы Төреғали Төреәлі Instagram желісіндегі парақшасында жұбайы Толқынмен түскен видеосын жариялады. Көпшілік әншінің әйеліне деген махаббатына тамсанып жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Беделім жер баспағанда, шыңға шықсам аспан алда. Өмір мені көтеріп кеп, құздан төмен тастағанда бол жанымда", - деді әнші.
Мұны көрген көпшілік әншінің махаббатына тамсанып, оң пікір жаздырды.
"Әйелінің қадірін енді түсінген сияқты осы кісі", "Толқын қандай бақытты Төресі бар", "Келіннің бәрі Толқындай болсын", "Осылай жігіттердің бәрі өз әйелдеріне ғашық болсын", "Бізге де осындай махаббат бұйырсын", "Дайын кино ғой, шіркін", "Ең әдемі жұп", - деп жазды олар.