Өнер иесі достық қарым-қатынасқа көбіне көреалмаушылық себеп болатынын атап өткен.
Отандық әнші Бейбіт Қорған өнерде досы жоқ екенін айтты. Эстрада жұлдызы шығармашылық ортада жүрген әріптестеріне қатысты ойын "1001 түн" бағдарламасында жеткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі достық қарым-қатынасқа көбіне көреалмаушылық себеп болатынын атап өткенін жазды nur.kz сайты.
Менің ойымша, өнерде дос деген жоқ сияқты. Достықты көрсететіндер көп шығар, мүмкін. Менде өнерде дос жоқ, тек әріптестер ғана бар. Бәріміз адам баласымыз, ешкім өнер адамы болып жаралмайды. Адам баласы болып өмірге келгеннен кейін іштарлық пен көреалмаушылық болады. Қолдап жіберудің орнына артқа тартатындар да болады. Сондайлығы (қасиеті -ред. ескертпесі) болмағандар ғана жақсы биіктікке жетеді деп ойлаймын. Сахнаны қызғанбаймын, өйткені сахна тек менікі емес, - деді Бейбіт Қорған.
Ал желі оқырмандары эстрада жұлдызының сөзін қолдай кетті. "Дұрыс айтады", "Өмірде де дос жоқ қой", "Нағыз жігіт", "Келісемін", "Мықты жігіт", "Ақылы тоқтап, абырой-атақ деп арын сатпаған жігіт", - деді көпшілік.