Жасы келген сайын, қылықтары жағымсыз болып барады.
Қайрат Нұртастың жары белгілі актриса Жұлдыз Әбдікәрімова қысқа белдемше киіп түскен видеосын Instagram парақшасына салды. Алайда оның бұл образы көпшілікке жақпай, киножұлдыз сынның астында қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Жұлдыз Әбдікәрімова желіде жариялаған видеосына өлең жолдарын жазып қойған.
“Уақыт жоқ, уақыт жоқ деп, уақытқа бас ұрамыз, Осы біздер қай жаққа асығамыз? Маған белгісіз автордың мына жазбасы көңілге дөп түсіп тұр”, – деп жазды ол.
Видео астына пікір қалдырушылардың ойы екіге бөлінді. Бірі мінсіз мүсінді актрисаға бәрі жарасады десе, енді бірі Жұлдыздың есіне ата-енесін салды.
“Әдемі көрінесіз, ешкімнің сөзіне құлақ аспаңыз”, “Ай қазағым-ай, түк жараспайды ғой. Мына образ шынымен түріне жараспай тұр. Осының бәрін біреуге ерегісіп істейтін сиақты. Осы біреуге бірдеңе дәлелдегісі келе ме?", “Қандай сұлу, таза, тәрбиелі, терең де нәзік әйел. Тіпті мұнда жазылған өлең де, сәтті таңдалған ән де керемет әрі жарасымды”, “Гүлзира мен Қайратқа ерегісемін деп қадірің кетті ғой”, “Жасы келген сайын, қылықтары жағымсыз болып барады”, “Жасым 65-те. Қызым жарайсың, әдемісің, мықты анасың. Заманға қарай киінгенде тұрған ештеңе жоқ”, “Еееее, жастық шақ, қайта келмес. Бала-шаға деп өтіп кеткен өмір ғой. Бәріне қол жеткізген ана, өзі үшін бақытқа бөленіп жүрген әйел. Керемет”, – деп жазды олар.