$ 494.87  520.65  4.91

15 күнде 18 той «отмена»: Қайрат Нұртас бостандыққа шықты (ВИДЕО)

Баласымен сағына көріскен анасы көз жасына ерік берді.

Фото: видеодан алынған кадр
Фото: видеодан алынған кадр

Ұшақтағы төбелесі үшін 15 тәулікке қамалған эстрада жұлдызы Қайрат Нұртас бостандыққа шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әлеуметтік желіде juldyzdar.qaz парақшасында әншінің абақтыдан шыққан сәтінен видео жарияланды.

«Эксклюзив» деген тақырыппен  берген бейнеден Қайрат Нұртастың ата-анасымен және өзін қолдап келген достарымен қуана қауышқанын көруге болады.

Баласымен сағына көріскен анасы көз жасына ерік берді. Әкесі де мейірлене құшақтап, көлікке дейін баласымен бірге жүрді.

Тілшінің «Денсаулығыңыз қалай?» деген сұрағына әнші «Бәрі жақсы, шүкір. Рахмет», - қысқа жауап қайырды.

Баласы көлігіне отырып кеткен соң ғана көңілі жайланған анасы Гүлзира Айдарбекова:

«Қуаныштымын. Ешбір ананы баламен сынамасын. Жүрекке алаң салып, бәрін Аллаға тапсырайық. Бәрі жақсы болсын», - деді.

Бұған дейін де ұлына деген сағынышын әлеуметтік желіде бөлісіп жүрген продюсер Қайрат Нұртастың 15 күнде алдын-ала келісілген 18 тойға қатыса алмағанын жариялады.

«Алланың жазғаны болады» деп ойын түйіндеген ол кейбіреулерге жағдайды түсіндіру қиын екенін жеткізді.

Себепке байланысты 15 күнде 18 той отмен жасағанбыз ғой. Қаншама концерттерге билет алынған. Той иелерінің біразы Қайраттың бос күніне туралап қойған ғой. қазір ойланып отырмын да, күлейін бе, жылайын ба деп... Кейбіреулерге түсіндіру қиын ше, бәрі менің қолымда тұрған сияқты. Гүлзира апай, енді біз не істейміз, біздің тойға келсін да, сосын бара салсыншы дегендер болды. Жандарым-ау, бәрі Алланың қалауымен ғана... – деп жазды ол.

Желі қолданушылары да сүікті әншілерін қолдап, игі тілекке толы лебіздерін жаудырды.

«Адам өлтірген жоқ қой, неге ұялады, ұрлық та жасаған жоқ ,досының сатқындығынан опық жеді. Алла тағала сабыр берсін, сондай сатқын достан сақтасын, ешқандай ананы баламен сынамасын, аналарымыз аман болсын», «Қайрат, қайратты бол! Сынба! Қазақ халқы өзіңмен бірге!» - деп жазды оқырмандар.

Артынша Гүлзира Айдарбекова өзінің Instagram парақшасына Қайрат Нұртасты күтіп алған сәтінен видео жариялады. 

Барша ана атаулыға тілерім;: Көз жастарыңыз тек қуаныштан тұрсын! Түс көрдім ба өңім ба білмеймін, бәрі бұлыңғыр болып, дүние төңкеріліп, қайта қалпына келгендей, - деп жазды бейненің астына продюсер.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 8
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары