Көз қорқақ деген, бір қарағанда атаның басы алыста сияқты көрінді.
Өнерлі отбасы Маңғыстау өңірінде сапарлап жүр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Күннің ыстығында жете алмаймыз деп қорыққан әншілер аман-есен әулие аталардың басына жетіп, Құран бағыштап, алған әсерлерімен бөлісті.
Үш жүз алпыс екі әулиесі бар киелі өлке—МАҢҒЫСТАУ. Бұл елге келудегі басты мақсатымыз Бекет атаның басына бару болатын. Бекет ата өсиеті бойынша жолай күйеубаласы Баһадүр әулиеге, одан Шопан ата ,Сүгір аталардың басына соғып құран бағыштап , зиярат етіп қайттық. ‘Көз қорқақ’ - деген, бір қарағанда атаның басы алыста сияқты көрінді.
Күннің ыстығында жете аламыз ба, қалай болар екен,- деп едік, шүкір, Жаратқан жеңілдігін беріп қояды екен. Алған әсеріміз енді ерекше. Алла қабыл етсін, - жазды әнші.