Өнер иесі осы күнге дейін қаншама қыздың ұясынан ұшыру салтанатында қонақ болғанын айтты.
Танымал әнші Қарақат Әбілдина осы күнге дейін ұзатылған арулары жөнінде сыр шертіп, бүгінде үлгілі келін болып отырғанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі осы күнге дейін қаншама қыздың ұясынан ұшыру салтанатында қонақ болғанын айтты.
“Осы уақытқа дейін қанша баланың тұсауын кесіп, қаншама аруды ұзатқан екенмін? Ешқашан санаған емеспін. Өткен жолы ұшақта жас келіншек қасыма келіп амандасып, кезінде өзіңіз ұзатқан едіңіз,шүкір, сізді қуып жеттім, 6 баланың анасымын дегенде ойланып тұрып қалыппын. Сонда қалай, әлеуметтік желі болмаған кез шығар, есіме еш түсіре алмадым. Зымырап жатқан өмір… Бір күнде екі қаладағы ұзату тойға үлгерген кездер қаншама… Ең бастысы ниет, тілектер қабыл болып, қолынан жетектеп шығарған қыздарымның үбірлі-шүбірлі өз алдына ел болғанын көрген кезде жүрегің шын қуанады екен. Лайым да солай болсын! Ата-ананың үкілеген ақ үміті ақталып, ұл-қыздарыңыздың рахатын көру бұйырсын! Әр қазақтың қызы бақытты болсын!”, – деп жазды әнші.
Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, қыз ұзату салтына қатысты өз ойларын жарыса жазып жатыр.