Бұл туралы продюсер әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
Белгілі айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева үшінші рет ана атанған Баян Мақсатқызына арнайы сыйлық жіберді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Бүгін мынадай сыйлық келді. Кімнен екен?", - деген Баян Мақсатқызы шоколадты құлпынай мен түрлі жемістер толы себетті ашып, ашықхатты дауыстап оқып берді.
Ашықхатта: "Баяшка, ханшайымның бауы берік болсын! Ғұмырлы болсын! Aidyn_nury" деп жазылған екен.
"Көп рахмет, Айнұр. Анау Түркиядан құттықтап жатқан қандай мұқият адамсың", - деп алғысын білдірді Баян Мақсатқызы.