$ 494.87  520.65  4.91

«Бірі – Кореяда, екіншісі – Америкада»: Қайрат Нұртастың қыздары өнерімен әлемді жауламақ

Қыздар бұл сапарға жыл бойы дайындалды. 

Фото: instagram.com/kair.n
Фото: instagram.com/kair.n

Отандық шоу-бизнес өкілдері Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімованың қызы Алау Америкаға барып концерт қойып келді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Айта кетейік, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова Испанияға екі ұлын ғана алып кетіп еді. Өйткені қыздарының бірі – Кореяға, екіншісі – Америкаға кетті.

“Мұхит асып, әлемдік сахнада өнер көрсетіп келген қыздан айналдым. Қыздар бұл сапарға жыл бойы дайындалды. Қыста аязға қарамай, жазда каникулға қарамай, аптасына жеті күн тер төкті. Жыл бойы қолдау білдірген ата-аналардың, әр қыздың көңіл күйіне қараған жаттықтырушының еңбегі теңіздей. Бұл жарысқа әлемнің жүзден аса мемлекетінен команда қатысты. Үздік деп жапондықтар танылды. Біздің қыздар 100 елдің арасынан 21-орынға табан тіреді. Мақтанамын. Алда талпынар бағыт бар. Pink-Girl енді аз ғана демалып, сабағына кіріседі. Алда жаңа оқу жылы, жаңа белестер, жаңа жоспар. Бұл жаздағы миссия орындалды”, – деп жазды әнші. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары