$ 494.87  520.65  4.91

«Көмек сұраудан тартынбаңызшы»: Ләйлә Сұлтанқызы жаңа жазба жариялап, маңызды мәселе көтерді

Мен бұл ойыммен неге бөліскенімді алматылықтар жақсы түсінеді.

Фото: @sultankyzy
Фото: @sultankyzy

Қазақстандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы желіде жаңа жазба жариялап, маңызды мәселені көтерді. БАҚ өкілі күйзелісте жүрген жандарға үндеу жасап, ақыл-кеңесін айтты, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Ләйлә Сұлтанқызы Instagram парақшасы арқылы оқырмандарымен байланысқа шығып, күйзеліске бей-жай қарамау керек екенін алға тартты. Ол уайым мен өкпеге беріліп кеткен жандарды көмек сұраудан тартынбауға шақырды.

"Тартынбаңызшы, өтініш. Жаныңыз күйзелісте болса, жүрегіңіз тыныштықты аңсаса, уайым мен өкпе жегідей жесе, тіпті өз-өзіңізді жоғалтып бара жатқаныңызды сезе тұра, бөлісуден, көмек сұраудан, жақыныңызға хабарласудан тартынбаңызшы. Әлемдегі проблеманың ешқайсы адам өмірінің құнындай емес! Сіз бәріне керексіз. Мен бұл ойыммен неге бөліскенімді алматылықтар жақсы түсінеді", - деп жазды Сұлтанқызы. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары