$ 488.26  530.54  5.03

«Көлікті тоқтатып, шешіне бастады»: Фариза Ескермес зорлана жаздағанын айтты

Терезені ашып үлгердім де, «көмектесіңдер» деп айқайладым. 

Фото: instagram.com/fariza_yeskermes
Фото: instagram.com/fariza_yeskermes

Жуырда тұрмысқа шыққан актриса Фариза Ескермес бұрын басынан өткен қорқынышты оқиғаны айтып берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы шоу-бизнес өкілі «Taboo» бағдарламасында айтты.

«17-18 жаста болған кезімде қорқынышты жағдайға тап болдым. Әке-шешем тау жақта тұрады. Ол жаққа бару үшін алдымен трассаның бойымен, кейін бұрылып, тағы ұзын жолмен жүру керек. Ол жолда көп ешкім жүрмейді. Ағаштар көп, шағын өзеннің бойы. Таксист – жас жігіт. Түрі әлі есімде. Сол жігіт көлікті тоқтатты да, шешіне бастады. Мен шошып кеттім, алдымда пакеттер тұрған. Терезені ашып үлгердім де, «көмектесіңдер» деп айқайладым. Сол кезде алыстан адамдар көріп, қолшаммен жүгіріп келді. Сол кезде ол мені көлікке итеріп құлатып, солай құтқарылып қалдым. Менің әлі күнге дейін өкінетінім, камералардың бәрін ашып, сол адамды табуым керек еді. Мен қорқып қалдым. Мүмкін шок та алған шығармын. Оны іздемек түгілі үйден шыққым келмей қалды. Ол кезде бұл туралы ата-анама да, құрбыларыма да айтпадым. Мен сол жағдай үшін қатты өкінемін. Сол кезде ол адамды тауып, сотқа беруім керек еді. Бірақ 12 жыл өтіп кетті. Таксиді даладан ұстай салдым. Қыздар олай істемеңіздер. Тіпті, такси шақырсаңыз да, оның сілтемесін ағаларыңа, әпкелеріңе немесе күйеулеріңізге жіберіп қойыңыздар», – деді киножұлдыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 8
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары