22.10.2024, 17:40

«Сау басқа сақина тілемеңіздер»: Меруерт Түсіпбаева оқырмандарына ақыл айтты (ВИДЕО)

Фото: esquire.kz

Жыласаңыздар, іштеріңізден тығылып, оңаша жылаңыздаршы, қыздар. 

Отандық танымал әнші Меруерт Түсіпбаева желіде оқырмандарына үндеу жасап, өзіне ұнамайтын жайтты айтты. Өнер иесі желіде жеке өмірін паш етіп, "жылап жатқан" видеоларын жариялайтын қолданушыларды сынап тастады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Меруерт Түсіпбаева Instagram-дағы парақшасында видео үндеу жариялап, оқырмандарына ақылын айтты. Өнер иесі бүгінде желіде жылап отырған сәттерін көрсететін адамдардың көбейіп кеткенін алға тартты. Әнші елге мұндай видеоларын паш етуді аса ерсі деп санайтынын жеткізді.

"Менің жазбама қатысты адамдар хабарласып жатыр. Мен көптен бері сол туралы жазғым келіп жүрген. Негізі ол жаман үрдіс. Қабылдайсыздар ма, қабылдамайсыздар ма маған бәрібір. Ренжісеңіздер көшке берген тай-лақтарыңызды алып кетіңіздер. Қанша адам, қаншама блогер, танымалдар, танымал емес жандар, желіде толғатып жатқан әйелдер. Оның бәрі ұят. Біз үлкендер тәрбие береміз ғой. Жыласаңыздар, іштеріңізден тығылып, оңаша жылаңыздаршы, қыздар. Не болса да, құпия мен мұңдарыыз іштеріңізде өлсін. Қыздар! Сау басқа сақина тілемеңіздер! Құдай жылатпасын", - деп жазды Түсіпбаева.