$ 494.87  520.65  4.91

«Ата-анасының алдында кетті»: Айдарбекова марқұм Құрманайға арнап әсерлі жазба арнады

Гүлзира Айдарбекова Instagram-дағы парақшасында әсерлі жазба қалдырды.

Коллаж: Stan.kz
Коллаж: Stan.kz

Қазақстандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова бірер күн бұрын өмірден өткен Құрманай Бақтиярқызының шаңырағына барып, жетісіне қатысып қайтты. Қайрат Нұртастың анасы марқұм сазгерді есіне алып, желіде әсерлі жазба жариялаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Гүлзира Айдарбекова Instagram-дағы парақшасында Құрманай Бақтиярқызының жетісінен фото жариялап, әсерлі жазба қалдырды.

Алла тағала біліп-білмей істеген күнәларын кешірсін. Жаның жәннатта болсын. Қош бол, Құрмашым. Осыншама адам мейрамханаға сыймай қалды. Қаншама көлік көше бойында тұр. Мұның бәрі Құрмашымның елге керек жан екенін көрсетіп тұр. Халықтың дұғасы Құрмашты жұмаққа алып баратыны сөзсіз. Алла көріп, естуші еді. Ата-анасы мен ұрпағының алдында кеткені өкінішті. Одан ауыр ештеңе болмас. Ешкімнің басына бермесін, - деп жазды Айдарбекова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары