14.11.2024, 17:40

«Еліктеуді қашан қоямыз»: Меруерт Түсіпбаева желідегі тренд қуатындарды сынады

Фото: https://www.instagram.com/meruert_tusupbaeva/

Бір танысым 25 мың теңгеге бір данасын сатып алыпты.

 

Танымал әнші Меруерт Түсіпбаева желіде тренд қуып, ақша жұмсайтын оқырмандарын сынады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі хит болып жатқан дубай шоколады мен жапон жүзімін жеп көрмегенін айтты. 

“Достар, дубай шоколадының дәмін татпадым. Түрінен-ақ шошимын. Одан кейін калориясы көп екен. Бір танысым 25 мың теңгеге бір данасын сатып алыпты. Онысын видеоға түсіріп, жеп отыр. Одан да Қазақстан шоколадының 35 данасын сатып алушы едім. Жапон жүзімінің түрі-ақ ұнамаған еді. Осыларды жемесем де, көштен қалдым демеймін. Шүкір, тірімін ең бастысы. Осы біз еліктеуді қашан қоямыз екен?! Анау солай жасады, мен де қалмайын деп бәсекелесуге құмармыз. Трендтен қалғандар өзіміз отырып шай ішейік”, – деп әзілдеді әнші.