$ 495.95  524.37  4.98

"Шашым ағарды": Жұлдыз Өмірғали күйеуі Айқынның қатты қызғаншақ екенін айтты

19 бен 29 арасы да осында деп білемін.

Фото: YouTube
Фото: YouTube

Әнші Жұлдыз Өмірғали Айқынмен арақатынасы жайлы сөз қозғады, деп хабарлады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әншінің айтуынша, Айқын Төлепбергенмен отбасы құрғанына он жылға жуықтаған. Осы уақыт аралығында түрлі кезеңдерден өткенін алға тартты. Бұл туралы Жұлдыз Өмірғали «OZMZ» бағдарламасына берген сұхбатында айтты.

Айқын қатты қызғанады. Бұған етім үйреніп кетті. Енді жылдар өткен сайын өзгеріп келеді. Алғашқы жылдары ондай кезде бәрін түсіндіріп, дәлелдеп жүретінмін. Кейін уақыт өте жүйке клеткаларым қалпына келмейтінін түсіндім. Шаш ағарды, екі бала өсті. Қазір ата-енеммен тұрамыз, бала-шағамның көзінше жылап еңірегеннен пайда жоқ екенін түсіндім. Қазір барынша қалыпты қабылдаймын. 19 бен 29 арасы да осында деп білемін, – деді Жұлдыз Өмірғали.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары