$ 497.26  525.21  4.97

«Анасы жаман болса, баласы қайдан жақсы болсын!?»: Баян Алагөзова тағы әйелдерге ақыл айтты (ВИДЕО)

Баланы тәрбиелеудің ең дұрыс жолы — өзің үлгі болу.

Фото: @bayanmaxatkyzy
Фото: @bayanmaxatkyzy

Танымал продюсер Баян Алагөзова қыз-келіншектерге ақыл айта жөнелді. Оның ойынша, бала жақсы болу үшін анасы күн сайын дамып отыруы керек, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы ол Дина Төлепбергенге берген сұхбатында әңгіме қозғады.

«Мен қолы бос әйел болғым келмейді, менің балаларым мені күтсе екен деймін. Мен балаларымның маған таңырқай қарағанын қалаймын. Ал, олар менімен мақтану үшін, мен өзім күн сайын өсіп, дамып отыруым керек. Қазір мен бұл тәжірибені дұрыс деп отырған жоқпын. Ол тек мен үшін жақсы тәжірибе болуы мүмкін. Баланы тәрбиелеудің ең дұрыс жолы — өзің үлгі болу. Анасы жаман болса, баласы қайдан жақсы болсын?! Бала анасы қатыгез болса, мейірімді болып өспейді. Егер анасы тәрбиесіз болса, оның баласы қайдан тәрбиелі болады? Оның барлығын бала күннен губка сияқты сіңіріле береді», — деді продюсер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары