Мен күйеуімнің қасында бейқаммын, еш уайымым жоқ.
Танымал өнер иесінің күйеуі таңғы ас дайындаса, түскі асты әншінің өзі пісіреді. Бұл туралы ол «Жарқыраған жұлдыз» бағдарламасында айтып берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Мен күйеуімнің қасында бейқаммын, еш уайымым жоқ. Тек ұйқымды қандырып, еркелеп жүремін. Таңғы асыма дейін төсегіме әкеліп береді. Мені солай еркелетіп отырады. Жақсы нәрсеге етің тез үйренеді. Тіпті тамағымды істейді. Кейде үйде тамақ істегің келмей қалады. Түскі асты мен дайындасам, таңғы асты күйеуім дайындайды. Осылай бөліп алғанбыз. Кешкі ас ішілмейді. Екеуміз жарысып кітап оқимыз. Оқыған кітаптарымызды талдап, дискуссия жасаймыз. Осындай қызық нәрселер бар. Кейде бәрі кинодағыдай болып кетеді. Бірақ өмірде шынымен де сондай күйеулер бар екен, - деді Айгүл Иманбаева.