Ал мен әйелімді бақытты ете алмаймын.
Жұмысқа күйеуі апарып тастап, алып кететін әйел бақытты. Бұл туралы актер әрі ысқақшы Алмат Сақатов айтты, деп хабарлайды Sкifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында әңгіме өрбітті.
«Менен бір бауырым сұрайды. «Мен таксист болып жұмыс істеймін. TikTok-та біреулер әйелдеріне қымбат машина сыйлап, әперіп жатады. Содан әйелдері бақытты болып жатады. Ал мен әйелімді бақытты ете алмаймын. Менің олай әйеліме көлік әперетіндей жағдайым жетпейді» дейді.
Бауырым! Бақытты әйел – ол күйеуі аман-есен көлікпен жұмысқа апарып тастап, жұмыстан кейін күтіп алған күйеуі бар әйел бақытты деп ойлаймын. Машина деген не ол? Ол бір жұмалық қана қуаныш. Содан кейін көліктің мәселесі басталады: май, бензин, салық, штраф дейді т.б. кете береді. Меніңше, күйеуі және бала-шағасымен аман-есен өмір сүрген, қиындықты бірге көрген әйел бақытты», – деді актер.