Ырымдап алған шығар деп ойлаймын.
"Белгілі күйші, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның халық артисі, «Көңіл толқыны», «Ақ жауын» секілді танымал күйлердің авторы Секен Тұрысбек «Түркістан»газетіне берген сұхбатында белгілі шебер Борис Романенко жасаған домбырасын әлдекімнің ұрлап кеткенін, ол адамды шамамен білетінін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"1992 жылы Республика сарайында айтыс болып жатты. Жүрсін Ерманов айтыстың арасында күй тартып бер деп шақырған. Соған барғанда домбыраны футлярына салып, сыртқа темекі тартып келуге шықтым. Қайтып кеп, күй тартуға шықпақ боп футлярды ашсам – домбыра жоқ! Сосын Жүрсінге хабарласып, мені шығармай-ақ қойыңдар, домбырамды жоғалтып отырмын дедім. Бәрі жабыла іздегенмен табылмады. Алған адам қашып үлгерген. Оны әкеткен адамды шамамен білемін, бірақ ұстап алмаған соң сен алдың деп айта алмайсың. Жұрттың көбі де содан көреді. Қазір де бар, өзі композитор жігіт, ән жазады. Мені көрсе қашқақтап жүреді. Ырымдап алған шығар деп ойлаймын", дейді күйші.