$ 530.12  546.08  5.17

«Нұрикамал» фильмінде басты рөлді ойнаған актриса бал айында жүр (ВИДЕО)

Бір жаңа мақсат пайда болды. 

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

Әлеуметтік желіде көп талқыланған «Нұрикамал» филімінде басты рөлді сомдаған актриса Фариза Ескермес Балиде күйеуімен бірге демалуда, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Кино саласында жұлдызы жанған актриса отбасылық демалысы қалай өтіп жатқанын видео арқылы көпшілікке көрсетті.

Шоу-бизнес өкілі тіпті арманын да айтты.

«Біздің бал айымыз. Бал айын достарымыз және жақын құрбыларымызбен өткізуді шештік. Жоспар әзірге демалу, күнге күйіну, бір аптадан кейін шегіну, йога, барлығы... Бәрінде тепе-теңдік сақтау. Бір жаңа мақсат пайда болды. Мен Балиден үй алғым келеді. Бұл жерде шынымен тыныш. Арал шынымен сиқырлы, ол жерде кім болған болса, менің не айтқым келгенін білетін шығар», - деп жазды актриса.

Еске алсақ, Фариза Ескермес былтыр өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шығып, үйлену тойын дүркіретін өткізген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары