$ 515.97  537.8  5.25

«Әкесі айтуға тиіс еді, әттең...»: Дана Нұржігіт ұл тәрбиелеудің қиындығын айтты

Күліп, әзілдесіп, қауқылдасып отыр.

Фото: instagram.com/dana_nurzhigit
Фото: instagram.com/dana_nurzhigit

Танымал журналист Дана Нұржігіт жалғыз өзі ұл тәрбилеудің қиын екенін мойындады, деп хабарлайды Sкifnews.kz ақпарат порталы.

Тәжірибелі тележүргізуші ұлының ер жетіп келе жатқанын айтты. Оның айтуынша, өзі ұлының кейбір сұрақтарына жауап беруге қысылатын көрінеді.

“13 отау иесі дегендей, кейбір әңгімені мен емес, әкесі айтуға тиіс еді, әттең… Қолдан келгенше, сауатты жеткізетін адам сөйлессінші деп қазақы тәрбие көрген маман іздедім. Уролог-андролог 14 жасар балаға ағзада осы кезде болатын жыныстық, психологиялық өзгерістер жайлы айтып берді. Маған қойған Әлімнің кейбір сұрақтарына жауап бере алмай қысылатын едім. Аналық міндетімді жеңілдетіп, дәрігер-маман сауатты жеткізді. Біраздан соң барсам, екеуі кең отырып, сырласқанын аңғардам. Күліп, әзілдесіп, қауқылдасып отыр. “Жыныстық қарым-қатынас, жеке гигиена, спорт, тамақтану, гормон өзгерісінің бәрін қамтыдық” деді дәрігер. Әлім ер азаматқа осы кезден уролог-андролог дос болу керек екенін түсінгендей”,  – деп жазды медиа маманы.

Еске салсақ, журналист ұлының әкесі Владимир Рерихтің қазасынан кейін одан кешірім сұраған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары