09.02.2025, 04:30

«Күтім жасауға тырысамын»: Тырнағына маникюр жасатқан Елдос колобок жұртқа жақпай қалды (ВИДЕО)

Фото: коллаж Sn.kz

Еркектер біртүрлі болып барады.

"Колобок" есімімен танымал белгілі блогер Елдос Кәдірханов сұлулық салонында тырнағына маникюр жасатып отырған видеосын жариялады. Оныі видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Елдос Қадірхановтың маникюр жасап жатқанын салған әйелі «Тырнақты тістеп, тыныштық бермеймін ғой. Сондықтан осылай күтім жасап, ұқыпты жүруге тырысамын. Әр адам өз жағдайын жасап, таза болуы керек», – деп түсіндірді.

Ол бұл әрекетін ерлердің жеке бас гигиенасын сақтау қажеттілігімен байланыстырды.

Видео желі қолданушыларының арасында қызу талқыға түсті. Кейбіреулер блогердің өз күтіміне көңіл бөлгенін дұрыс деп бағаласа, енді біреулері ер адамдардың маникюр жасатуы қазақы қоғамда ерсі көрінетінін айтты.

«Ер адамдар бұлай жасамауы керек. Бұл біздің дәстүрімізге жат», «Қазақ жігітіне лайық емес іс», «Еркектер біртүрлі болып барады» деп жазды желі қолданушылары.