$ 501.49  525.71  5.77

«Не қылған батпанқұйрық?»: Блогер халықтың оңбай алданғанын айтып, дабыл қақты (ВИДЕО)

Шаңырақтары шайқалып, әулетімен қырылып жатпасын.

Фото: видеодан алынған
Фото: видеодан алынған

Желі жұлдызына айналған блогер әрі журналист Мөлдір Анарбаева халық арасында кеңінен танылып жатқан «кино көріп баюға» қатысты ойын ашық айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол халықты мұндай жарнамаға сенбеуге шақырды.

«Кино көріп байып кетеміз, дегендерге білетіндеріңізді айтыңыздар. Шаңырақтары шайқалып, әулетімен қырылып жатпасын. Бұл не қылған батпанқұйрық?! Біз жаққа енді келіпті, бір жақтардан өтіп кетіпті.

Ол киносы ертең біреуін вахавис біреуін йогаға табындыратын пәле болып жүрмей ме?!

Осы жұрт опық жегенше оргында істейтіндер қарап отыра бере ме?! Ең болмаса, зияны болса үгіт-насихат жүргізбей ме?! Кім біледі ол жайлы жазыңыздаршы. Талайы кетті өже», — деді блогер желідегі парақшасында.

Блогердің бұлай деуіне желідегі оқырмандарының жазғаны хаты мен пікірі түрткі болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары