$ 494.84  537.4  5.58

«Ұлым Алланы шынайы тануымызға септігін тигізді»: Айнұр Жүгінісова отбасы туралы шындықты айтты (ВИДЕО)

“Ана” деген атауға алғаш рет ие қылған, іштегі мейірімді оятқан — тұңғыш нәрестем. 

Фото: коллаж Sn.kz
Фото: коллаж Sn.kz

Ағайынды Жүгінісовтердің анасы, актриса Айнұр Жүгінісова үлкен ұлын туған күнімен құттықтап, ерекше жазба жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Тұңғыш ұл – әкенің ізбасары, ананың тірегі, отбасының ақылшысы. Тұңғыш бала әрқашан ерекше орынға ие. Ол – ата-анасының алғаш рет «бала» деген тәтті сезімді сезінуіне себеп болған жан. Ол – іні-қарындастарына үлгі, отбасының арқа сүйер азаматы. Оның әрбір жетістігі – ата-ана үшін үлкен мақтаныш, әрбір қадамы – үлкен жауапкершілік", - деді ол.

Актрисаның айтуынша, тұңғышы Рүстем Жүгінісов Алланы шынайы тануына себепкер болған.

“Ана” деген атауға алғаш рет ие қылған, іштегі мейірімді оятқан — тұңғыш нәрестем. Үлкен ұлым — біздің көзқарасымызды өзгерткен жан десем артық айтпайтын шығармын. Алланы шынайы тануымызға септігін тигізген жан.

Тұңғышым Рүстемге тек қана зор денсаулық, қажымас қайрат, ақ жол тілейміз! Қосағыңмен қоса ағар, үбірлі де шүбірлі, ғұмырлы бол! Биылғы жыл саған жетістіктер мен жақсы есіктердің ашылар жылы болсын. Туған күні құтты болсын! Биік белестерден көріне бер ботам!», — деп жазды ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары