Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, әншінің іс-әрекетін қызу талқылап жатыр.
Танымал мәдениет қайраткері, әнші Ақбота Керімбекова билеймін деп құлап қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі "Қамажай" әніне билегісі келген. Алайда аяғы тайып кетіп, құлап түсті.
“Жазира мен Мөлдірдің қасында сызылып билей қояйын деп едім. Осы ғой енді. Сіздерге әзіл үшін түсірілген видео”, – деп жазды әнші.
Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, әншінің іс-әрекетін қызу талқылап жатыр.
“Иіліп көтерілгенде қазақша киіммен шығы ма деп күтіп отырсам”, “Керемет шығыпты”, “Мына әзіліңіз өтті”, “Аяғыңыз қайырылып қалды-ау”, – деп жазды көпшілік.
Еске салайық, Ақбота Керімбекова ұлын үйлендіріп, ұлан-асыр той жасаған еді.