Дәмханаға әнші Ерке Есмахан баласының үстелін әлеуметтік желіде жариялады.
Дәмханаға әнші Ерке Есмахан баласының үстелін әлеуметтік желіде жариялады. Кейін оқырмандарының сынына ілікті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Олардың барлығы баланың үстелі кір екен деп, бренд киетін әншіні сөкті.
«Кафедегі балаларға арналған үстел кір деп, тап-таза нәрсеге сонша жазатын не болды?!Өмірі мінсіз өтіп жатқан адамдар, тыныш өмірлеріңді сүре берсеңдерші. Одан кейін, орындық кір емес, официантты шақырып сүрткізгім келді, ал оның боялған түрі өзі сондай винтаж стиль екен.Енді тыныш өмір сүре беріңдер, ханшайымдар», — деп жауап қайтарды Ерке Есмахан.
Әншінің бұл жауабын басқа оқырмандары да қолдай кетті.
"Кафедегі ұстелге сіздің брендіңіздің не қатысы бар екен", "Сөз жоқ мына адамдарға", "Балапан ыдыстан ішіп отыр ғой, орындықтан емес", "Не болып ал кір болса, адамбыз ғой", - деп жазды оқырмандар.