Бұл кәсіпті ашу үшін әнші тіпті өз көлігін де сатқан.
Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова Астана мен Алматы қалаларына өз кәсібін ашты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі орамалды аруларға арналған орамалдар мен көйлектер сататын дүкендер желісінің негізін қалады. "Бейне" деп аталады. Алғашында дүкен болып ашылған кәсіп қазір толыққанды фабрикаға айналған. Бұл кәсіпті ашу үшін әнші тіпті өз көлігін де сатқан.
"Менікі! Өзіміздікі! Өндірістікі! 4 жыл бұрын Аллаға тәуекел етіп көлігімді сатып, ақшасын осы бизнеске құйып кәсіп бастадым. 2 жыл көліксіз жүрдім. Ешкімнен ештеме сұрамай, тыныш қана тірлігімді жасап, еңбегімнің жемісін көрудемін! Шүкір! Бүгін толыққанды фабрикаға айналды!", - деп жазды Мөлдір.
Ал оқырмандар дүкеннің өз қалаларынан да ашылғанын қалап, жарыса жазуда.