Қазақстанда бет- әлпетті тұмшалауға тыйым салынады!
Танымал әнші Меруерт Түсіпбаева никаб жайлы өз ойын айтып, тағы да елдің қызу талқысына түсті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Әнші өз ойын желідегі парақшасында айтқан.
«Қазақстанда бет- әлпетті тұмшалауға тыйым салынады! Өз басым, Бекшин сияқты—наконец-то, дедім!!! Сіз келісесіз бе??», — деп жазды ол.
Көпшілік оны осы сөздері үшін, қатаң сынға алған.