Астанада қайырымдылыққа жиналған ақшаны жымқырған деп айыпталған Перизат Қайрат ісі бойынша басты сот отырысы өтіп жатыр.
Танымал әнші Меруерт Түсіпбаева қайырымдылықпен істі болып жатқан Перизат Қайратқа қатысты ойын бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Айта кетейік, Астанада қайырымдылыққа жиналған ақшаны жымқырған деп айыпталған Перизат Қайрат ісі бойынша басты сот отырысы өтіп жатыр.
“Ал, сіз қалай ойлайсыз?! Елден ақша жинап, оны өз еркімен жұмсаған Перизат Қайратқа 10 жыл мерзім аз ба, көп пе?! Жеткілікті ме?! Халықтан жинаған ақшаға шалқып өмір сүрген. “БАД-ы миллион теңге деп жазған анасына 8 жыл сұрапты. Шешім әділ ме?! Мен осыдан 3-4 жыл бұрын желіге “Халықтан жиналған ақшаның есебін беруі керек” деп жазғанмын. Міне, айтқаным келді”, – деп жазды әнші.