Бұл залда әлемдік жұлдыздар өнер көрсеткен.
Әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Латын Америкасында алғаш рет жеке концерт бермек, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Stranger» деп аталатын шоу 2025 жылдың 8 қазанында Мексиканың астанасы Мехикода өтеді. Концерт Мексиканың ең беделді концерт алаңдарының бірі – Auditorio Nacional сахнасында ұйымдастырылады. Бұл залда әлемдік жұлдыздар өнер көрсеткен.
DimashNews порталының хабарлауынша, Мехикодағы кеште Димаштың тыңдармандары оның ерекше дауыс диапазоны мен сахналық өнерін тамашалай алады.
Сонымен қатар, жақында Қырғыз Республикасы Димаш Құдайбергенге «Қырғыз Республикасының Халық әртісі» атағын берді. Әнші бұл марапатты үлкен жауапкершілік пен сенімнің белгісі ретінде қабылдағанын айтты.
«Бұл марапат – менің болашақ шығармашылығыма берілген сенім. Қырғыз халқының қазақ халқына көрсеткен құрметі үшін алғысым шексіз», – деді Димаш марапаттау рәсімінде.
Димаштың анасы Света Айтбаева да қырғыз халқына ұлына деген қолдауы мен ілтипаты үшін ризашылығын білдірді.