$ 537.53  620.52  6.71

Джей Ло 2,5 млн доллар гонорар алды — оның тамағына ғана 37 мың доллар кеткен

Екі күнге арналған ас мәзірінің құны – 37 мың доллар деген ақпарат жұрттың жағасын ұстатты.

Фото: daily.afisha.ru
Фото: daily.afisha.ru

Америкалық поп-дыбысы Дженнифер Лопес Астанадағы шоуынан кейін Ереванға ұшып барды. Әнші 3 тамыз күні Армения астанасындағы Республикалық стадионда UP ALL NIGHT турының аясында өнер көрсетеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Армян БАҚ-ының хабарлауынша, концертке әлемнің түкпір-түкпірінен 15 мыңнан астам жанкүйер келген. Концерттің жалпы бюджеті – 6 млн доллар. Бұл қаражат 2023 жылы өтпей қалған Снуп Догтың шоуына бөлінген, кейін Лопестің концертіне бағытталған. Жалғыз Джей Лоның өзі бұл кештен 2,5 млн доллар пайда тапқан.

Бірақ бұнымен тоқтамайды – ұйымдастырушылар қалған соманы да жіліктеп тастаған:

  • $185 000 – әншінің командасын қонақ үйге орналастыру
  • $37 000 – Джей Лоның екі күндік тамағы
  • $15 000 – шоу продюсерінің гонорары
  • $76 400 – техникалық директордың қызметі
  • $26 800 – көлік, логистика және қабылдау тобының жалақысы
  • $15 600 – сатып алу бойынша кеңестер
  • $11 400 – заңгерлік қызметтер
  • $11 400 – бухгалтерлік шығындар
  • $22 100 – көлік жалдау және жабдықты тасымалдау

Армениялықтар арасында бұл шығындар қоғамда қызу талқыланып жатыр. Әсіресе, екі күнге арналған ас мәзірінің құны – 37 мың доллар деген ақпарат жұрттың жағасын ұстатты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 4
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары