$ 539.38  629.46  6.76

«Бас сүйек, миым мен көзім зақым алды»: Әйкерім Есенәлі көпшілікті алаңдатып қойды (ВИДЕО)

Тележүргізуші 3 апта бойы үзіліс алып, көрінбей кетуінің себебін түсіндірді. 

Коллаж: sn.kz / @yessenali_aikerim
Коллаж: sn.kz / @yessenali_aikerim

Танымал тележүргізуші Әйкерім Есенәлі аттан құлап жарақат алғанын айтты, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Тележүргізуші 3 апта бойы үзіліс алып, көрінбей кетуінің себебін түсіндірді. 

Ол енді атқа мінуге беті қайтып, қорқып қалғанын айтты. 

«Аттан баспен құлап, миым мен бас сүйек, көзім зақым алып қалды. Іздеп, жағдайымды сұрап, дұға етіп қолдаған барлық достарым, жақындарыма мың алғыс. Жаратқан разы болсын», - деп жазды журналист. 

Сонымен қатар, ол көгерген көздерін көргендер «сізді кім ұрды» деп жиі сұрайтынын айтып, қоғамда әйелге қол көтеру соншалықты қалыпты болғанына өкінішін білдірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 11
Ұнамайды 4
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары