Оның айтуынша, дуалау – қазіргі күнде де бар және бұл әрекетке тек әйелдер ғана емес, ер адамдар да барады екен.
Блогер Джузефина "сүйем, ғашықпын" деп жүрген жігітінен қалай бас тартқанын айтып, өзінің бастан өткерген қиын жағдайымен бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оның айтуынша, дуалау – қазіргі күнде де бар және бұл әрекетке тек әйелдер ғана емес, ер адамдар да барады екен.
«Дуаны өз басымнан өткердім. Көктемде ауыр дерттен көз ашпай кеткенім есіңізде шығар. Сөйтсем, соның бәрі дуадан болған. Бұл аздай, ішімдікке деген құмарлық пайда болды. Ең қорқыныштысы – әлгі жігітке деген байланыс, кеткің келмейді, сонымен бірге болғың келе береді», – дейді блогер.
Ол өзінде бірдеңе дұрыс еместігін сезіп, арнайы адамға оқытылғанын айтады.
Дуаның күші жойылған соң, әлгі жігітке деген сезімі мүлдем өзгеріп, оны көргісі де келмей қалған.