Сарапшылар мұны Алматының мәдени және туристік тартымдылығын арттырған ерекше оқиға деп бағалап отыр.
Алматыда өткен Дженнифер Лопестің концерті ел тарихындағы ең табысты мәдени шаралардың біріне айналды. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, қаржы айналымы 10 миллиард теңгеден асты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. Негізгі деректер:
Концерттен түскен жалпы кіріс, шығындар мен жанама табыстарды қоса есептегенде, 10 млрд теңге болды; Шетелдік туристердің шығыны ғана қала экономикасына 5 млрд теңгеден астам пайда әкелді; 27 мың көрерменнің ішінде 7 мыңға жуық жан 35 елден келген; Бюджетке төленген салық көлемі 600 млн теңге шамасында; Стадиондағы фуд-корттың бір күндік табысы 15 млн теңгеге жуықтады.Сарапшылар мұны Алматының мәдени және туристік тартымдылығын арттырған ерекше оқиға деп бағалап отыр.