$ 540  630.72  6.72

«Шай ма, сыра ма?»: Баян Мақсатқызының қыздарының видеосы желіні шулатты (ВИДЕО)

Жазба астына «бір зауыттың екі түрлі өнімі» деген әзіл қоса берілген.

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Әлеуметтік желілерде белгілі продюсер Баян Мақсатқызының қыздары – Айсәуле мен Айару Бақытбектің видеосы таралып, жұрт назарын өзіне аударды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Instagram парақшасында жарияланған бейнежазбада әпкелі-сіңлі қыздардың бірі шай ішіп отырса, екіншісі сырадан ұрттап отырғаны байқалады. Жазба астына «бір зауыттың екі түрлі өнімі» деген әзіл қоса берілген.

Көпшілік бұл видеоны көңілді әрі тапқыр дүние деп бағаласа, бір бөлігі жастардың еркіндігі мен ашықтығы деп қабылдады.

Ал сын айтушылар Баян Мақсатқызының қыздары ел алдында жүргендіктен, мұндай әрекеттерде абай болу керегін ескертті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары