03.09.2025, 04:30

«Үмітім жалғанды»: Тамара Асар ерекше жазба жариялады (ВИДЕО)

Фото: @tamara_assar_official

Бұл туралы ол желідегі парақшасында жазды. 

Әнші Тамара Асар қызын туған күнімен құттықтап, ерекше жазба жариялады, - деп хабарлайды Sкifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы ол желідегі парақшасында жазды. 

"Алланың берген АЖАРЫ, амандығыңмен бақытыңды қызықтауды жазсын. Үзілейін деген үмітімді жалғаған, Мұздайын деген жүрегімді жібіткен, ШҮКІРГҮЛІМ-ау! Бапасының жүрегі, мамасының тілегі, ағаларыңның артынан ерген өрісі денің сау, бауырың бүтін, өміріңнің еркетайы бол балапаным…", - деді әнші қызының видеосын жүктеп.

Тамара Асардың қызын туған күнімен құттықтап бір топ өнер өкілі жылы лебіздерін арнады. Олардың қатарында Қарақат Әбілдина мен Баян Алагөзова да бар.