10.09.2025, 18:40

«Қазақстан» шоколады – мен жегендердің ең дәмдісі!»: Джей Лоның вокалисі елімізді ұмыта алмай жүр (ВИДЕО)

Фото: видеодан скриншот

"Қазақстан халқы менің жүрегімнен ерекше орын алды".

Америкалық әнші Дженнифер Лопестің бэк-вокалисі Шэрон Янгблад Қазақстанға жасаған сапарынан алған әсерін әлі де бөлісіп жүр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Бір ай бұрын елімізде болған өнерпаз Instagram парақшасында бейнежазба жариялап, «Қазақстан деп аталатын ғажайып жерге барғанын» айтып өтті. Оның сөзінше, қонақүйде тұрған кезінде қазақстандықтар түрлі шоколад сыйлаған. Әнші сол тәттілерді АҚШ-қа алып кетіп, достары мен туыстарына дәм татқызған.

«Қазақстан халқы менің жүрегімнен ерекше орын алды. Елге де, адамдарға да ғашық болдым. Маған сыйға тартылған қара шоколад – өмірімде жеген ең дәмдісі. Мені Америкадағы қазақстандық шоколадтың ресми өкілі етіңіздерші! Қазақстан халқы, сіздерге көп рахмет», – деп жазды Шэрон.

Жарияланған бейнеде әншінің достары қазақстандық шоколадтың дәмін татып, таңданысын жасырмаған.