11.09.2025, 04:30

«Аяғы ауыр сияқты»: Айгүл Иманбаева күйеуін туған күнімен құттықтап, алғыс айтты

Фото: instagram.com.aigulimanbayeva

Жаным, сені кездестірген тағдырыма алғысым шексіз!

Қазақстанның танымал әншісі әрі актрисасы Айгүл Иманбаева күйеуінің туған күнінде әлеуметтік желіде ерекше жазба қалдырды. Өнер иесі жүрекжарды тілегін көпшілікпен бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Бүгін – менің жүрегімнің иесі, асыл жарым Ерлан Болатұлының туған күні. Жаным, сені кездестірген тағдырыма алғысым шексіз! Маған еркелеуді, нәзік болуды, махаббаттың не екенін ұғындырғаныңа, мені сүйген жүрегіңе мың алғыс! Бақыттың бақшасында бірге өмір сүрейік», – деп жазды ол.

Желі қолданушылары ерлі-зайыптыға бақыт пен ұзақ ғұмыр тіледі.

"Аяғыңыз ауыр сияқты", "Екеуіңіз сондай керемет жұпсыздар", "Айгүл ханым жыл өткен сайын жасарып жатыр", деп жазды көпшілік.