$ 538.12  627.02  6.65

«35 жыл үзілістен кейін»: Жеңіс Ысқақова күйеуіне қатысты жағымды жаңалығын жария етті

Отағасы жас кезінде күреспен шұғылданып, кейін бір себептермен күреспей қойған екен.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Танымал әнші, мәдениет қайраткері Жеңіс Ысқақова күйеуіне қатысты жағымды жаңалықты жариялады. Бұл туралы өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жария етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Сүйінші! Балаларымның әкесі, немеремнің атасы, Мажарстанның Татабанья қаласында өтіп жатқан боз кілем шеберлерінің, яғни спорт ардагерлерінің әлем чемпионатында жеңіске жетті. Әлемнің бірнеше дүркін чемпиондарымен және олимпияда жүлдегерлерімен бірге күш сынасып, қола медальға қол жеткізу - біздің отбасымыз үшін үлкен жеңіс. Отағасы жас кезінде күреспен шұғылданып, кейін бір себептермен күреспей қойған екен. Бірақ өмір бойы спортпен шұғылданып, әрдайым бабында жүреді. Осы, бір жылдың көлемінде қайтадан өзінің жанына жақын спортпен айналыса бастады. Нәтижесі - екі халықаралық турнирде алтын медаль. Күні кеше әлем чемпионатында қола медальға қол жеткізді.Шамамен 35 жыл үзілістен кейін кілемге қайтып оралып, осындай жетістікке қол жеткізген менің жігітім кезінде кілемнен кетпегенде елімізге талай медальдар әкелер еді. Жарайсың,Тоқтасын Сейсенбайұлы!", – деп жазды әнші. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 77
Ұнамайды 4
Күлкілі 2
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары