$ 524.94  602.79  6.45

«Еркектерге ғана бола ма?»: Баян Алагөзова «бірнеше күйеуге» шығуды заңдастыруды ұсынды

"Біздің ел – зайырлы мемлекет, заң бойынша тең құқық бар".

Фото: instagram.com/bayanmaxatkyzy
Фото: instagram.com/bayanmaxatkyzy

Қазақстандық продюсер Баян Алагөзова Батыс Қазақстан облысынан Мәжіліс депутаты Абзал Құспанның мәлімдемесіне жауап берді,деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Депутат елімізде «тоқал» – яғни екінші және үшінші бейресми әйел институтын заңдастыруды ұсынған еді.

Алагөзова депутаттың сөзімен мүлде келіспейтінін айтып, керісінше, елде көпкүйеулілікті заңдастыруды ұсынды.

— Жауап ретінде көпкүйеулілікті заңдастыруды ұсынамын. Неге жоқ? Ерлерге болады да, әйелдерге болмай ма? Біздің ел – зайырлы мемлекет, заң бойынша тең құқық бар. Ал билік өкілдері шариғат заңымен өмір сүруді ұсынғанда, мұны қалай түсінуге болады? – деп ашуланды продюсер.

Бұған дейін Құспан «тоқалдармен» көптеген ауқатты ер адамдардың – тек шенеуніктердің ғана емес, басқа да азаматтардың – бірге тұратынын айтқан болатын. Ол қазақтың «әмеңгерлік» дәстүрін еске салып, бұрын ер адам қаза тапқан бауырының жесірін қамқорлығына алып, оны панасыз қалдырмайтын дәстүр болғанын атап өтті. Алайда бүгінде бұл дәстүр, депутаттың айтуынша, «байлардың ермегіне» айналған.

Онда «тоқал» рөлін көбіне жас қыздар атқарады. Осыған байланысты ол бұл тақырыпты қоғамдық талқылауға шығарып, заңгерлерге оны құқықтық тұрғыдан реттеу тетіктерін әзірлеуді ұсынды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 2
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары