$ 522.19  606.42  6.47

«Тұрсынбекке обал»: Мөлдір Мұқанның қымбат брендтерден киінетіні белгілі болды (ВИДЕО)

"Біз Мөлдірді мүсіркеп жүрсек". 

Коллаж: Stan.kz
Коллаж: Stan.kz

Назерке Досмағанбетова есімді белгілі байер Тұрсынбектің бәйбішесінің бір реттік образы қанша тұратынына талдау жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мәселен, сән экспертінің есебінше оның үстіндегі Deesses брендінің ақ-қара костюмі 118 550 теңге болса, Van Cleef коллекциясынан тағынған сырғасы нарықта  2 млн 961 000 теңге, қолындағы дәл осы бендттің сақинасы 1 млн 958 000 теңге тұрады.

Ал аяғындағы JW Anderson-ның   туфлиі 308 900 теңгеге бағаланады. Осылайша Мөлдірдің бір шыққандағы образы 5 млн 347 000 теңге татитын болып шықты. «Байлар да жылайды» деген осы ма дерсің...

Байердің бұл талдауына қатысты жұрттың пікірі сұмдық болды. "Мынанша миллиондарға киініп алсам, үнімді шығармас едім ғой", "біз Мөлдірді мүсіркеп жүрсек....", "үш мың теңгелік кроссовкимен шауып жүріп, айдаладағы Мөлдірге жаным ашып, еңіреп жылап жүргені мені кім деуге болады?" деген сыңайда пікір жазуда жұрт. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары