“Неге оны да қолдарыңызға алмайсыздар?”
Немересі Әміреге домбырамен ән салып берген Нұртас Айдарбеков желі қолданушыларының ерекше ықыласына бөленді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ол жұбайымен бірге немересін қалай бағып жүргендері туралы әсерлі видеоны көпшілікпен бөлісті. Видеоға қоса Нұртас Айдарбеков арнайы жазба қалдырған.
“Апасы көтеріп, атасы артынан еріп жүріп әндетіп, өсіріп жатырмыз Әміре немеремізді. Ән тыңдағанды жақсы көреді…” – деп жазды ол.
Видеоны көрген желі қолданушылары жылы пікірлерін жаудырды.
“Нұртас аға, Гүлзира ханым керемет жандар”, “Атасы мен енесі күшті екен”, “Келіндерінің бағы бар”, “Атасы өте тамаша адам” деген сынды пікірлер көп болды.
Алайда көпшіліктің назарын аударған сұрақ та болды. Қайраттың жақында туған ең кенже қызына мүлдем бармағандары оқырмандарды алаңдатып қойды.
“Рабия Сұлтанға неге бармайсыздар?”, “Неге оны да қолдарыңызға алмайсыздар?” – деп жазғандар да аз емес.