$ 521.01  603.43  6.42

«Таптым-ау сені»: Португалиялық қыз қазақ әндерін орындап, көпшілікті тәнті етті (ВИДЕО)

Лара қазақ әндерін ерекше жақсы көретінін айтып, Қазақстанға деген ықыласын жасырмады.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Португалиялық әнші Лара Алейшо Қазыбек Құрайыштың әйгілі «Таптым-ау сені» әнін орындап, тыңдармандарды таңғалдырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол қазақтілді хиттің кавер-нұсқасын өз Instagram парақшасында жариялап, Қазнетте қызу талқыланып жатыр.

Лара қазақ әндерін ерекше жақсы көретінін айтып, Қазақстанға деген ықыласын жасырмады.

«Бұл ән маған Қазақстанды алғаш рет танытқан композициялардың бірі болды. Қазақ музыкасы жүрегіме жақын, сондықтан жаңа әндерді үйренуді жалғастырамын», — деп жазды әнші.

Айта кетейік, Лара Алейшоның Қазақстанға деген қызығушылығы Димаш Құдайбергеннің Singer жобасында All By Myself әнін шырқаған сәтінен кейін оянғаны белгілі болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары